Грек Үкіметі медаль салығынан қашып, Олимпиадада орын алмаған спортшыларына өкпелі


Грекияда кезекті жанжал. Бұл жолы спорт жанжалы. Грек Үкіметі Лондон Олимпиадасында медаль алмаған спортшыларына өкпелі. Лондоннан грек спортшылары тек 2 қола медальмен оралған еді. Олар дзюдодан Илиас Илиадис және ескекші қыздар жұбы. Бүгін Премьер-министр қабылдауында болған спортшыларға мақтау қағаздары берілді және Олимпиадада тапқан табыстарынан салық алынды.

Естеріңізге сала кетейік, әлемнің біраз елдері спортшыларына сыйақылар тағайындап, мұны күллі әлемге жар салып жариялаған кезде Грекия керісінше Олимпиадада жүлдегер атанған спортшылардан Халықаралық Олимпиада Комитеті және Федерациялардан алатын сыйақы табыстарынан 75 пайыз салық алатындарын жариялаған еді.
Әрі қарай

Олимпиада әдемі басталып, әдемі аяқталды


Алтынмен басталған Олимпиада соңғы күнде де алтынмен аяқталды. Алтынды да, күмісті де, қоланы да алды қазақ жігіттері соңғы күнде.

Барша қазақ халқын осы керемет жеңістермен құттықтаймыз.
Әрі қарай

Қола да Гүзель!



Еркін күрестен 72 кг салмақта Гузель Манюрова жүлдегер атанды. Қола медаль үшін сайыста қытай қызы Джиао Вангты 3-1 есебімен жеңген Гузель Қазақстан қоржынына 3-ші қола медальды салды.
Әрі қарай

Қола алған қолаңшаш

"Қолаң деген шаш кемінде тізеден төмен түсіп, тобыққа оратылып тұру керек" демеңіздер. Мен Лондон олимпиадасында 75кг салмақ дәрежесінде әйелдер арасындағы бокстан сынға түскен Марина Вольнова жайлы айтып отырмын. Осының алдындағы кездесуінде алтыннан дәмелі ұлыбританиялық Саванна Маршалды сабалап жүріп жеңген соң жерлесімізден біз де алтын күттік. Дегенмен, Марина (Бақ кз-тіктер жазғандай Наталья емес) қоржынымызға екінші қоланы салды. Ал, құтты болсын! «Еркексің Терешкова!» деген сөзді осындайда айтса керекті.


Сурет www.bnews.kz сайтынан алынды.
Әрі қарай

Қоржын қоламен толысты


Грек-рим күресінен 84 кг-ға дейінгі салмақта отандасымыз Даниал Гаджиев олимпиаданың қола медалін тағынып, қоржынымыздағы алты алтынның қатары қола медальмен толықты. Еліміз өз алдына, Даниал үшін бір қуансам, Марат Тұрлыханов үшін тағы қуандым. Керемет ұнайды өзіме…

Алты алтынның алтауында да жар салып, сүйіншілеткен Керегім бүгін үнсіз, Асауға не тұсау болды екен деп отырмын күтіп… Сосын "Қой, бұл отырыс жарамас!",- деп, сүйіншіні өзім сұрамаққа бел будым. Алтынға дәнігіп алғанымыз соншалық, анау-мынауды місе тұтпайтын болғанбыз ба, қалай өзі?! Әрине, әзілім ғой…

Ал құтты болсын! Жеңіс жалғасын тапсын!
Әрі қарай

Олимпиада жүлдегерлері қанша сыйақы алады?

Әр ел өз жеңімпаздарына түрлі сыйақы тағайындапты. Ең көбі Грузияда, Олимпиада чемпионы атанған грузин спортшылары доллар миллионері атағына да ие болады. Бір алтын медалист миллионерлері бар әзірше. Әзірбайжандықтар чемпиондарына 510 мың доллар береміз деп отыр. Біздің ел 250, 150, 100 мың доллардан сыйақы береді. Қытай тек алтын медальға ғана сыйақы береді, ал Ұлыбритания ешқандай сыйақы тағайындамаған. АҚШ бірнеше жылдан бері тек 25 мың доллар береді Олимпиада чемпионына.



Кесте sports.ru блогтарынан алынды.
Әрі қарай

Олимпиада ойындарын интернеттен тікелей қарағыңыз келсе



Егер ТВ-ден қарау мүмкіндігіңіз жоқ болса және жалпы ТВ барлық ойындарды тікелей көрсете де бермейді, осы сайт сізге көмекке келеді. 12 канал бар, соларды басып, қалаған спорт түрін қарай аласыз. Және бір жақсы жері ешқандай комментаторсыз болуы.

www.eurovisionsports.tv/london2012/index.html
Әрі қарай

Лондон олимпиадасы туралы мистикалық аңыздардың астарында не бар?

Енді 17 күннен кейін (шілденің 27-сі) әлемдік деңгейдегі үлкен спорт додасы – Лондон олимпиадасы шымылдығын түреді. Ағылшын жерінде өтетін жазғы Олимпиадаға дүниежүзі бойынша он жарым мыңнан астам спортшы қатыспақшы. Барлығы 39 спорт түрінен 302 медаль жиынтығы сарапқа салынатын байрақты бәсекеге атақты палуанымыз Нұрмахан Тінәлиев бастаған 114 спортшымыз аттанғалы отыр. Бірақ біздің айтпағымыз басқа мәселе…

Соңғы кездері Лондон олимпиадасына қатысты аңызға бергісіз мистикалық әңгімелер көп айтылып жүр. Әсіресе тосын табиғат құбылыстары мен астрономиялық түсініксіз жайттар туралы әпсана көп. Дәл осы байрақты бәсеке қарсаңында жұмыр жердің халқы магнитті дауылдар, аспан әлеміндегі жұмбақ шұғыла-сәулелер секілді адам түсініп болмайтын жайттарға куә болатын секілді. Осыдан тура бір жыл бұрын «Утро.ру» сайты астрономдардың «күн белсенділігінің күрт артқанын соның салдарынан күн тәжінен бөлінген магнитті дауылдардың кесірінен жер бетіндегі күллі ақпараттық жүйе істен шығуы мүмкін. Бұл өркениет атаулыға үлкен соққы болады!» деген дабылын жариялаған болатын. Ең қызығы, магнитті дауылдар шабуылының ең белсенді кезеңі 2012 жылы Лондон қаласында өтетін жазғы Олимпиадамен тұспа-тұс келетін секілді. Осының салдарынан күллі компьютерлік жүйеге зиян келіп, спутниктер біраз уақытқа хабар тарата алмай қалмақ. Осылайша адамзат баласы олимпиада ойындарының тікелей көрсетілімін көре алмай қалуы бек мүмкін», – деп жорамал жасады. Бұл ақпараттың қаншалықты шындыққа сай келетінін уақыт көрсете жатар.

Ал енді аспан әлеміндегі жұмбақ шұғыла-сәулелерге қарай ойыссақ. Кейбір ғалымдар бұны магнитті дауылдардың әсерінен болатын табиғат құбылысы деп түсіндіріп отыр. Астрономдар дәл спорт додасы қарсаңында болмаса да осы жылдың қыс мезгілінде күн бетінен бөлініп шыққан магнитті дауылдар салдарынан ғаламшарымыз түгелге жуық поляр шұғыласына оранады дейді. Дегенмен, жер бетінің көп бөлігі магнитті дауылдар шабуылына қарсы жүйемен жабдықталғанын да естен шығармаумыз қажет. Ал бұндай жүйе орнатыла қоймаған жердің оңтүстік және солтүстік полюс халқы бірнеше апта бойы ғасыр ғажайыбына куә болатын секілді. Алайда бұндай ғажайыптан алған әсерлерін адамдар жердің басқа нүктесіндегі туысқандарымен бөлісе алмайды. «Өйткені, дәл сол уақытта жердің оңтүстік және солтүстік полюсінде бірнеше апта бойы интернет торабы мен спутникті байланыс жүйесі істен шығады», – дейді астроном ғалымдар. Айтпақшы, «ақырзаман – 2012» дақпырты тағы бар. Бұл туралы сөз қозғамай-ақ қоялық.

Алайда соңғы кездері бұдан да күдікті әрі қорқынышты жайттар айтыла бастады. Ғаламтор бетінде Лондон олимпиадасының бойтұмарларына қатысты пікір талас өршіп-ақ тұр. Әдетте спорт тарихында олимпиада символы ретінде жануарлар таңдалып алынады. Соның ішінде адамға ерекше әсер сыйлайтын барыс, дельфин, қонжық секілді сүйкімді жануарлар болады. Ал бұл олимпиаданың символы – Венлок пен Мандевиль – мүлдем оғаш тіршілік иесі. Мифтик бейне деуге де келмейді. Құбыжық деуге болады. Бірі басында пирамида (!) тәріздес тәж, екіншісі қамал бейнесіндегі бас киім киген жалғыз көзді қос бейне. Көзі қарақты оқырман пирамида мен 13 қатардан тұратын қамалдың «әлемдік үкімет» деп аталатын құпия ұйым – масондардың белгісі екенін жақсы түйсінеді. Ендеше бұндай масондық белгілердің әлемдік деңгейдегі бәсеке – олимпиадаға қандай қатысы болуы мүмкін. Әрі жалғыз көзді қос тажалдың атауының өзі – күдікті көрінді. Ғаламторды ақтарып отырып, Wenlock сөзінің «шіркеудің әулие-әнбиесi, жебеушісі», ал «mandevil-дің» көне француз сөзінен алғанда – «ұлы қала» немесе үлкен оқиға болатын аймақ және жасырын уақыт деген мағына беретінін көріп жағамызды ұстадық.

Олимпиаданың логотипындағы «2012» санының да цифрдан гөрі «Zion» сөзіне қатты ұқсайтыны кезінде үлкен дау тудырды. Сион сөзі Иерусалим қаласындағы дәстүрлі еврейлік белгінің атауы секілді. (Тағы бір деректерде «Zion» сөзі Иерусалим қаласының атауы) Осыны дер кезінде аңғарған Иран Ислам Республикасы осы жылдың наурыз айында Лондон Ойындарына бойкот жариялаған болатын. Кей деректерде құбыжық бейнесіндегі осы таңба мен бейнероликті ғаламтордан көрген көптеген адамдар жүйке ауруын шалдыққаны туралы айтылып жүр. Бірақ бұл да нақтыланбаған жайт. Венлок пен Мандевилдің бейнесін британдық «Wolff Olins» брэнд-дизайнерлік фирмасы жасап шығарыпты. Бұл фирманың негізін қалаған адам – еврей жұртынан шыққан Уолли Олинс атты адам. Ол күллі үрім-бұтағы, тұқымымен масон болған көрінеді.

Тағы бір күдік тудырып отырған мәселе – байрақты бәсекенің Англияда өтуі болып тұр. Тұманды альбионды әлемдік деңгейдегі спорт бәсекесін өткізуге құқы бар зайырлы мемлекеттің бірі дегенімізбен ресми Лондон масондық ұйымдардың негізгі ордасы саналады. Аса құпия ложалардың біразы осы елмен тікелей байланысты болып жатады. Оның үстіне бұл бәсеке олимпиадалық есеп бойынша, отызыншы ойын. Әдетте халықаралық стандарт бойынша, бұл реттік нөмiр римдiк цифрмен жазылады. Яғни XXX (Үш икс) болып шығады. Әрбір оқиғадан құпия астар іздейтін мамандар өзге емес дәл отызыншы олимпиаданы өткізу бақытының Англияға бұйыруының өзі кездейсоқтық болмаса керек деп отыр. Кейбір батыстық басылымдар «үш иксті» ібілістің санын білдіретін 666 яғни «үш алтылықтың» құпия бейнеленген нұсқасы деп жазып үлгерді.

Тарихқа үңіліп көрсек, алғашқы кездері олимпиада атты дүбірлі доданың түпкі мақсаты болғанын байқауға болады. Жарыстардың барлығы да бастапқыда спорттық шара емес, Аполлонға, яғни Ібіліске табыну мақсатында жасалған дiни жоралғылары болды. Бүгінде сол секуляризм мен толықтай оккульттік былыққа айналған бұл діни сипаттағы жоралғы тек спорттық ойын ғана емес, әлеуметтік, саяси астары бар оқиға ретінде әлем елдерінің басын қосып келе жатқан әлемдік шараға айналып кеткеніне бір ғасырдан асып барады. Оның үстіне Олимпиадалық қозғалыстың негізін қалаушы Пьер де Кубертен масондық ұйымдардың белді мүшесі болғаны тарихтан белгілі. Осыған қарап, кейбір құпия ұйымдарды зерттеушілердің «Олимпиадалық ойындар ең алдымен, әлемдік ұйым құрудың алғашқы қадамы болды. Олимпиаданың ресми символы – құрлықтар. Эмблемадағы 6 құрлықты сақина етіп, бір-бірімен байланыстыру арқылы әлемдік ұйым құру идеясы шынайы өмірге қадам басты» деген болжамында шындық жатыр ма деген ой келеді. Оларға сенсек, АҚШ долларындағы құпия символдар мен белгілердің символикадан ауысып жаратылыс ретінде көрініс тауып отыр. Яғни турасын айтқанда, Лондон олимпиадасы қарсаңында әлемдік үкімет атты аса құпия ұйым жаңа сатыға қадам басады-мыс!

Оның үстіне Лондон олимпиадасымен Қасиетті Рамазан айының сәйкес келуі де көңілге күдік болып отыр. Бәлкім ұлы жаратушының ислам дініне берік мұсылман елдеріне «бұл бәсекеге бармаңдар!» деген ескертуі болуы мүмкін емес пе? Әрине, ондай жайттан бетін аулақ қылсын дейміз.

Айтпақшы, жақында бір сайт туристерге толы Лондонда үлкен теракты болуы мүмкін деп жорамал жасапты. «Ядролық немесе биологиялық қару пайдаланады. (Адам санасына өзгеріс әкелуі де ғажап емес). Нәтижесінде көптеген құрбандармен Лондонның бір бөлігі зардап шегеді. Сол кезде Тажал пайда болып, ес – түсінен айрылған халыққа қол созады. Оның кереметін көрген халық соңынан ереді… Процестер жалғаса береді…», – депті.
Масон демекші, бұндай құпия белгілердің соңғы кездері Қазақ елінің астанасында да қаптап кеткені айтылып жүр. Ғаламтор бетінен де «Астана – ХХІ ғасырдағы масондық ұйымдардың ордасы» («Астана – масонская столица 21-го века», «Астана – столица Сатаны. Масоны») деп аталатын түрлі бейне-роликтер көбейіп кетті. Оларға сенсек бас қаламыздың көрікті жерлері, әсіресе сол жағалаудың архитехтуралық ерекшелігі әр түрлі ложалар мен массондық ұйымдарға тән құпия символ-свастикалармен «өрнектеліп» жатыр-мыс. Сол жағалауда орналасқан «Самрұқ тауэрс», Ақ орда және Бәйтерек монументі мен Яхин мен Боаз колонналарының ортасында жарқырап тұрған дельтасы бар масон сызбасынан өзара ұқсастық «тауып» шулап жүргендер баршылық. Әрине бұның барлығын да кездейсоқтық деп бағалаймыз. Десе де, қытайдың әйгілі философы Конфуцийдің «Әлемді түбінде сөз бен әділ заң емес, құпия таңбалар мен символдар билейді деген сөзін ескерсек, көңілге кірбің ұялайтыны тағы бар. Көгілдір экранға үңілген жұрттың бәрі біледі. Батыс жұртының «Қара бетперделі Зорро» деген атақты фильмі бар. Сол фильде басты кейіпкер Зорроның өзі жаулап немесе жүріп өткен жеріне көрген жұрттың есін тандыратын «Z» деп белгі соғып кетпейтін бе еді? Бұдан әрине, Алаш даласын масондық ұйымдар жаулап алды деуден аулақпыз. Бірақ, «сақ болыңдар Алаш даласына біз де келіп-кетіп жүрміз!» деген ескертуі мүмкін емес пе екен?

Айтпақшы, тақырыпқа тұздық ретінде төменде бір бейнероликтің сілтемесін сылқитып отырмын. қарап көріңіздер…
Лондон 2012
Әрі қарай

USA Today болжаған Лондонның 6 алтынын кімдер алады?


USA Today газеті Infostrada Sports агенттігімен бірге жүргізген сараптамасы бойынша соңғы мәліметтерді қарайтын болсақ Қазақстан спортшылары 6 алтын, 2 күміс, 4 қоламен командалық есепте 24-ші орын алады екен. Бұл сраптама спортшылардың Олимпиадаға дейінгі түрлі жарыстардағы нәтижелеріне сүйеніп жасалған. Қаншалықты дұрыс шығатынын Олимпиада соңында көретін боламыз. Біз үшін оптимистік бұл болжам бойынша қай сопртшыларымыз медаль алады екен? Бірге қарайық.
Алтын:
  • Серік Сапиев (бокс)
  • Максим Раков (дзюдо)
  • Ольга Рыпакова (жеңіл атлетика/ұзындыққа 3 қарғып секіру)
  • Мая Манеза (ауыр атлетика)
  • Светлана Подобедова (ауыр атлетика)
  • Алмат Кебісбаев (грек-рим күресі)
Әрі қарай

Олимпиада костюмы таныстырылды


Олимпиаданың ашылуында қазақстандықтар не киіп барады? Осы сауал кейбір спорт шенеуніктерін және 1-2 дизайнерді мазалайтыны рас. Биыл не киетініміз жақында белгілі болыпты. Тәңріжаңалықтары сайтының хабарлауынша биылғы киім үлгісін Құралай Нұрқаділова деген модельер дайындапты. Модельердің айтуынша бұрын қазақстандық спортшылар классикалық үлгідегі киіммен шығып жүрген екен. Ал бұл жолы классикамен спорттық үлгі араластырылған. Еуропалық стильде жасалынды дейді Құралай. Туымыздағы көк және сары түстер қолданылған. Ал бас киім және күртешедегі KAZAKHSTAN жазуы біздің қай елден екенімізді анық көрсетеді, бұл осы костюмнің басты ерекшелігі дейді модельер. Сондай-ақ костюмге Азиада талисманы барыс та қосылған.
Әрі қарай

Лондон Олимпиадасына болжам

USA TODAY басылымы Қазақстан Лондон Олимпиадасында 6 алтын, 3 күмiс, 3 қола алып, жалпы есепте 24 орынға тұрақтайды деп топшылап отыр.
Сонымен, кiм қай орыннан көрiнедi?
Бұл жайында басылым былай дейдi:
Бүкiл қазақ жанкүйерлерi сенiм артып отырған Илья Ильин украиналық Артем Ивановқа есе жiбередi-мыс.
Әрі қарай